Балабақша туралы

«Бал-бөбек»  бөбекжай – балабақшасы»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыОрдабасы ауданының       «Бал-бөбек»  бөбекжай —  балабақшасы   жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы) Түркістан облысы, Ордабасы ауданы,  Шұбарсу ауылы  Химик алабы 12-қиылыс 13/34
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)    Ұялы телефон 87758518177                                                      электронды поштасы  Balbobek2014@bk/ru https://bal-bobek-edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Сағынбекова Жансая Ұласбекқызы «Бал-бөбек» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының шешімі бойынша 2020 жылғы 05 қаңтардағы № 2-ж/қ бұйрықпен тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 26.11.2014ж  жылы берілген. БИН 140140002843
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон қайта  2022 жылғы 02 желтоқсандағы№ KZ69RVK00042216 хабарлама берілген.  
7Құрылған жылы2014жыл
8Типтік ғимаратБір  қабатты типтік үлгіде
9Топтар саны4-топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпенОртаңғы  топ-15-20 минут Ересек  топ- 20-25 минут Ересек топ -20-25 минут МАД тобы   25-30 минут  
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 100 балаға арналған. 06.06.2014 жылы 70 балаға №17-P b-4-107 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. 20.12.2017ж 30 балаға №17-Pb-3-107 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты  1-қабатты типтік жобада салынған, заман талабына сай салынған. Балабақша 100 орындық, 4 топ жұмыс жасайды. Әр топ 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Төрт топ жұмыс жасайды.  «Жасұрпақ» ортаңғы тобы, «Нұршуақ» ересек тобы, «Ақмоншақ» ересек тобы. Тәрбиеленушілер мемлекеттік   тілде тәрбиеленуде.

Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа музыка залы, мед кабинет, асхана жұмыс жасайды.Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға  сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қайың, емен т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңында әр топтың ауласы бөлек қоршаулармен бөлініп,  балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын  саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші кабинеті;

— Әдістемелік кабинет;

— Теледидар – 4 дана;

— Компьютер – 2 дана;

— Ноутбук – 5 дана;

— Принтер-1 дана

— Түсті принтер-2 дана.

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», кітаптар сөресі, «Табиғат бұрышы», білім салалары бойынша дамытушы орталықтар жасақталған.